• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Сәуір, 2020

Қарулы Күштердің Бас штабында жаңа бөлімше құрылды

317 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрлігіндегі кезекті аппарат кеңесі өтіп, Қарулы Күштердің Бас штабында радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және экологиялық қауіпсіздік әскерлері департаменті құрылаты мәлім болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Президенті – Қарулы Күштер Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша вирустың таралуына қарсы күресте дезинфекциялауға ерекше мән беріліп жатыр. Биологиялық қорғау бөлімшелері еліміздің барлық өңірлерінде дезинфекция жүргізуде. 5 апта ішінде жалпы ауданы 36 млн шаршы метрден асатын әлеуметтік маңызы бар объектілер, ұзындығы 2,5 мың км астам жол учаскелері зарарсыздандырылды.

Кезекті аппарат кеңесінде Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерін қайта құру және күшейту қажет болғанын атап өтті. Осы мақсатта Қарулы Күштердің Бас штабында радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және экологиялық қауіпсіздік әскерлері департаменті құрылды. Бұған дейін Қарулы Күштерде РХБ қорғау іс-шараларын ұйымдастыру ҚР ҚК БШ инженерлік әскерлер департаментінің құрылымдық бөлімшесіне – РХБ қорғау және экологиялық қауіпсіздік әскерлері басқармасына жүктелген.

Жаңа бөлімшеге қысқа мерзімде қазіргі заманғы қауіп-қатерлерді, әскерлердің мүмкіндіктерін және әлемнің жетекші елдерінің қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің даму үрдістерін ескере отырып, Қарулы Күштерді қорғау РХБ жүйесін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу міндеті қойылды.