• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Сәуір, 2020

Көкшетауда коронавирус анықталмаған сырқаттар провизорлық стационардан шықты

157 рет
көрсетілді

Облыстық тері-венерологиялық ауруханасы төтенше жағдай мерзімінде провизорлық стационар ретінде қайта жасақталған еді. Бүгінгі таңда нысанда 143 ақмолалық індетін жұқтыру қаупіне байланысты тексеруден өтті. Олардың арасында  «Шапағат» арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығының 24 қамқоршысы бар.

«Шапағаттың» 200-ден астам тұрғынының ішінде 42 адамнан коронавирус анықталған еді. Тері-венерологиялық ауруханада жабдықталған провизорлық орталық тәулік бойы медициналық бақылау жүргізуде. Бүгінгі таңға дейін мұнда вирус жұқтырған жандармен байланыста болған 143 азамат тексеруден өтті. Қауіпті індет 10 адамнан анықталып отыр. Дәрігерлер бақылауына алынған ерекше топ «Шапағат» арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығының қамқорлығындағы жандар.  10 сәуір күні келіп түскен 24-інің ауруға шалдықпағаны расталды.

–Целиноград ауданындағы бұл орталықтан індет ошағы анықталған болатын. Олардың көпшілігі арнайы медициналық күтімді талап ететін жандар. Коронавирусқа тест екі рет тапсырылды. Нәтиже теріс, яғни,  ауру анықталмады.  Барлық пациенттердің денсаулық жағдайы қалыпты, ауру белгілері жоқ,–дейді провизорлық стационардың жетекшісі Жамбыл Қабдірәшитов.

Індет жұқтыру қаупі бар азаматтар теміржолшылар ауруханасы, қалалық аурухана мен тері-венерологиялық ауруханасында да медициналық тексеруден өтуде. Мұнда дәрігерлер экстремалды жағдайда қызмет атқарып отыр деуге болады. Ауысым әр екі апта сайын, барлық медициналық қызметкерлер отбасынан, туған-туыстарынан оқшауланып, жеке жатақханада қоныстанған. Денсаулығы сыр берген, егде тартып, кісі қолына қарап қалған «шапағаттықтар»  ақ халатты абзал жандардың еңбегіне алғыс білдіруде.   

Бұл ауысымдағы 34 маманның өздері де 14 күн сайын тексеруден өткізіледі. Қазір мұнда небары 11 күдікке ілінген адам қалған. Олардың инкубациялық мерзімі 30 сәуірде аяқталады.