• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Сәуір, 2020

Алматыда «Парасатты мектеп – болашақ мектеп» атты бейне-конференция өтті

789 рет
көрсетілді

Алматыдағы Алатау ауданында орналасқан №151 Жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде аудандағы мектептің басшылары қатысуымен «Парасатты мектеп – болашақ мектеп» тақырыбында бейне-конференция өтті.

Аталмыш мектептің тәжірибесіне негізделген, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда жүргізілген жұмыстарының қорытындысына арналған онлайн-жиынға Сыбайлас жемқорлыққа іс қимыл агенттігінің Республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Токушев, Алатау аудандық ББ басшысы Қарлығаш Ақмұрзаева, Алатау ауданының мектеп басшылары және №151 ЖББМ директоры Гүлшат Молдабаева мен  осы бағытта құрылған мектептің жұмыс тобы қосылды.

​Алдымен «Парасатты мектеп» арнаулы кабинеті, клуб мүшелерінің қамқоршылық кеңесі мүшелерімен, ата-аналармен, «Шапағат»ықшамауданы тұрғындарымен тығыз жұмыс жасалу барысы таныстырылды.

​Сондай-ақ онлайн-жиында қамқоршылық кеңесінің мүшелері, ата-аналар толық ақпаратты мектеп дәлізінде орналасқан қабырға бұрышында сенім телефондарына, «Nur Otan» қоғамдық қабылдауына, мектеп директорының әлеуметтік желі блогына да ашық хат жазуға  толықтай мүмкіндіктері бар екендігін атады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бойынша мектеп қызметкерлері атқарған жұмыстардың нәтижесі, жұмыс жоспарлары, бұйрықтар негізі, «Заңнамалар» топтамасы, ұстаздар арасында өткізілген жиналыс, лекториялар барысында жасырын түрде сауалнама алынып, ұстаздарды таныстыру жұмыстары үнемі жүргізіліп тұратынын айтылды.

​Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары жөнінде құрылған комиссияның жұмыс жоспары, құжаттары талқыланды. Конференцияға қатысушыларға № 151 ЖББМ-тің 2019 жылдың шілдесінен желтоқсанына дейінгі аралықтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қауіптің ішкі талдауымен таныстырылды.

– Мектебімізде «Адал ұрпақ» еріктілер клубы 2017 жылдан  бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда  мектепте 1800 оқушы болса, соның 800-і оқушы клубқа мүше. Атап айтсақ, отыз  шақты атқарылған  сынып сағаттар, флешмоб, акциялар, сурет салу, бейнеролик байқауы  жылдық жоспарға сай жүргізіліп, оның  ішінде  бүгінгі  тақырыпқа  сай «Жемқорлыққа – жол жоқ», «Вместе  против  коррупции» «Антикоррупционные сказки», «Адал және сатылмайтын  еңбек» тақырыптары,  «Адал Дүкен» жұмысы бойынша  әртүрлі іс-шаралар өткізіліп тұрды. «Адал ұрпақ» ерікті  мектеп клубы 3 секция бойынша жұмыс істейді, – дейді №151ЖББМ директоры Гүлшат Молдабаева. 

Сонымен қатар бейне-конференцияға қатысушылармен бірге психологиялық «Сыйлықтар»тренингі өтті. Тренингте әр  қатысушыға суреттер  көрсетіліп, олар бір суретті  таңдап сол сурет арқылы қандай  қауіп-қатер тобына  жататындығын көрсетіп, түсіндірді.

Бейне бас қосуды Қайыржан Токушев қорытындылап, аталмыш мектептің жұмысына өте жоғары баға беріп, жұмысты осы бағытта жалғастыруды мақұлдады. Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл  заңнамаларын  дұрыс орындау және  сыбайлас  жемқорлықтың алдын  алуда мектеп  жұмысын  одан  әрі  жетілдіру  жөнінде ұсыныстарын атады.