• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Сәуір, 2020

Марат Тәжин III дәрежелі Барыс орденімен марапатталды

434 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен мемлекеттік қызметтегі, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды нығайтуға қосқан айрықша үлесі үшін Қазақстан Республикасының Чехия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Барыс» ордені 1999 жылы бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен егемендігін нығайту ісінде, бейбітшілікті қамтамасыз етуде, қоғам мен Қазақстан халқының бірлігін шоғырландыруда, сондай-ақ мемлекеттік, өндірістік, ғылыми қызметте сіңірген ерекше еңбегі үшін марапатталады.

Соңғы жаңалықтар