ONE Championship деп аталатын Азиядағы ең белді промоушенінің мамыр айында өтеді деп жоспарлаған барлық жарыстары кейінге шегерілді.
Коронавирус дерті дендегеннен кейін айтулы ұйым алдағы жарыстарды көрерменсіз өткіземіз деп көздеген. Сол сайыстардың арасындағы ең ірісі – 29 мамырда ұйымдастырылуы керек еді. Осы жарыстың басты жекпе-жегінде UFC-дің бұрынғы чемпионы, америкалық Деметриус Джонсон жекпе-жекке шығады деп жоспарланды. Алайда пандемия басылмағаннан кейін олар бұл идеядан бас тартты.
ONE Championship ұйымы бізге де бөтен емес. Осыдан бірер жыл бұрын Игорь Свирид пен Қайрат Ахметов сынды ережесіз жекпе-жектің хас шеберлері осы промоушеннің чемпионы атанған болатын.