• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Қыркүйек, 2013

Үлкен парасат иесі еді

373 рет
көрсетілді

Есімі бар қазаққа қадірлі Михаил Есенәлиев көзі тірі болса 85 жасын тойлайды екен. Өкінішке қарай, белгілі дипломат бүгінде арамызда жоқ. Азан шақырып қойған есімі Хакім, әкесінің аты Тілеген екенін көпшілік біле бермейтін Михаил Иванович Ресейдің Саратов облысындағы Питерка ауылында дүниеге келген. Саналы ғұмырын Қазақ елінің көркеюіне, өсіп-өркендеуіне арнаған аяулы азаматты еске алу мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференция жұмысы ғалымның қызметіне арналған «Елдестірмек Елшіден» атты деректі фильмнің көрсетілімімен басталды.

М.Есенәлиевтің есімі дипломат ретінде ғана емес, қазақ халқының өркендеуіне, көпұлтты мәдениеттің дамуына, Қазақстанның халықаралық байланысының нығаюына үлкен үлес қосқан ірі мемлекет қайраткері ретінде кеңінен таныс. Ол әдебиет пен өнер саласына да еңбек сіңірген азамат. Әсіресе, еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізген алғашқы кезеңдері «Азат» азаматтық қозғалысын құрып, оған жетекшілік еткен көрнекті қоғам қайраткері.

– Бүгінгі күн еліміз тарихындағы айтулы күндердің біріне саналмақ, – деді конференцияда сөз сөйлеген Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов, – өйткені, сіздер мен біздер халқымыз сандаған ғасыр аңсаған тәуелсіздік атты ұлы арманға қол жеткізуіне өзінің білімі мен білігі, қайраты мен жігері, азаматтық болмысы мен қайраткерлік тұлғасы арқылы өлшеусіз үлес қосқан, егеменді елдің ертеңіне еркін де нық қадам жасауына аянбай еңбек еткен біртуар ел перзентін еске алып, ол туралы ой-тұжырымымызды ортаға салмақпыз. Бұл – арыстарын ардақтай білген, бірлігі ұйыған елге тән қасиет. М.Есенәлиев ел азаматы, қарапайым халықтың қамын ойлап, талап қоя білетін үлкен парасат иесі еді...

«Тәуелсіздіктің таңы атып, таным көкжиегі кеңейе бастаған тұста уақыт сұранысына сай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәріс оқып, сан шәкіртті қанат қақтырған ұлағатты ұстаздың есімін біз ешқашан ұмыт­пақ емеспіз. Соның бір белгісі ретінде уни­верситетіміз тағылымдық істің басы еткен «Өне­гелі өмір» атты сериялық кітабымыздың ке­зекті шығарылымын мемлекет және қоғам қайраткері М.Есенәлиевтің 85 жылдық мерейтойына арнап отырмыз. Оның ғибратты ғұмыры өскелең ұрпаққа үлгі болады деп сенеміз», деді конференцияда сөз сөйлеген университет ректоры Ғ.Мұтанов.

Конференция жұмысына Дипломатия ака­демиясының профессоры Т.Сүлейменов, дипло­матиялық қызмет ардагері С.Құрманғожин, қоғам қайраткері Ш.Жәнібеков, Михаил Ивановичтің зайыбы Мая Есенәлиева, Ресейдің Саратов облысынан келген жерлестері, туыстары, достары, әріптестері қатысты. Олар Михаил Ивановичтің аруағын еске алып, ол туралы естеліктерімен бөлісті.

Шарафаддин ӘМІРОВ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар