• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Парламент 29 Сәуір, 2020

Төтенше жағдай кезінде тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған заң жобасы қаралды

251 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды.

Аталған заң жобасы «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы Мемлекет басшысының Жарлығын орындау мақсатында әзірленді. Құжат әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін төтенше жағдай кезеңінде жедел шаралар қабылдау мүмкіндігін күшейтуді көздейді.

Заң жобасын депутаттар назарына Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ұсынды.

–Заң жобасында төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік басқарудың жұмыс істеу механизмі белгіленеді. Ол үшін «Төтенше жағдай туралы» және «Құқықтық актілер туралы» заңдарға түзетулер енгізіледі. Атап айтқанда, «Төтенше жағдай туралы» Заң төтенше жағдай кезеңінде заңнаманың жекелеген салаларының қолданылу ерекшеліктерімен толықтырылады. Заң жобасында оларға 14 сала жатқызылады: салықтық, бюджеттік, кедендік, банктік, еңбек, монополияға қарсы заңнама; денсаулық, мемлекеттік сатып алу, валюталық реттеу туралы заңнама; әлеуметтік қорғау, мемлекеттік мүлік, мемлекеттік бақылау және қадағалау саласында; сондай-ақ елдің халықаралық міндеттемелерін іске асыру, – деді Р.Дәленов.

Министрдің айтуынша, төтенше жағдай кезінде қабылданған құқықтық актілер бұл кезең аяқталғанға дейін қолданылады. Олардың қатарына өзге қолданылу мерзімі белгіленген актілер кірмейді.