• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2020

Түркістан: «Кең дала» бағдарламасы бойынша 950 млн теңге қаржы бөлінген

509 рет
көрсетілді

«Кең дала» бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жыл сайын 3 млн гектар жерге егіс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөледі. Жуырда корпорация басшылығы мемлекеттік қолдаудың арқасында биыл жеңілдетілген несие беру көлемінің көбеюі (70 млрд теңге) 2346 ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші ұйымдарды қаржыландыруға мүмкіндік беретінін мәлімдеген болатын.

Осы орайда Түркістан облысында «Кең Дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу ісі қызу қолға алынуда. Бұл жобаны «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микро қаржылық ұйымы қаржыландырмақ. Осы мақсатта биыл 950 млн теңге көлемінде қаржы бөлініп, аталған бағдарлама бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ оператор болып бекітілген. Бүгінгі таңда «Оңтүстік» АИО тарапынан мақта, мақсары, бидай және бақша дақылдарын өсіру бағыттары бойынша жалпы сомасы 360,5 млн теңге 10 жоба қаралып, мақұлданған. Сондай-ақ, тағы жалпы сомасы 415 млн теңге болатын 6 жоба қаралу үстінде. Бұдан бөлек, жалпы сомасы 174,5 млн теңгені құрайтын 4 жобаның құжаттарын жинау жұмыстары жүргізілуде.

Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды жылына 5 пайыздық сыйақы мөлшерлемесі бойынша жүргізу ісі биылғы 15 қарашаға дейін жалғасады.

Ал несиені қайтару мерзімі Түркістан облысының шаруа қожалықтарына, жеке кәсіпкерлеріне және заңды тұлғаларына өсірілетін дақылдардың бекітілген тізбесі мен шығын нормативтеріне сәйкес жүзеге асырылады. Барлық аудан орталықтарында жұмыс істейтін «Ырыс» МҚҰ ЖШС аймақтық өкілдері бүгінде құжаттарды жинау және тапсыру бойынша қарыз алушыларға қызмет көрсетуде.

 

Түркістан облысы