Атырауда көлік жөндеу орталықтары жұмыс істей бастады. Енді олар тек қаланың ұйымдары мен кәсіпорындары үшін қызмет көрсетеді.
Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлікжедел штабтың хабарлауына қарағанда, көлік жөндеу орталықтарына әзірге жеке тұлғалардың көлігіне қызмет көрсетуге рұқсат берілген жоқ.
«Атырау облысының бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі бұйрығына сәйкес, көлік жуу, көлік дөңгелектерін ауыстыру орталықтары тек қаланың ұйымдары мен кәсіпорындары үшін жұмыс істейді.Сонымен қатар, 14 сәуірдегі шешіммен жұмысқа шығу немесе қайту жағдайларын қоспағанда жеке көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Облыс әлі де күрделі эпидемиологиялық жағдайда. Сондықтан,қабылданған шешімдерге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп хабарлады өңірлік жедел штаб.