• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2020

Атырау: Медицина қызметкерлеріне 44,5 млн теңге үстемеақы төленді

325 рет
көрсетілді

Президенттің қауіпті індетпен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне үстемеақы ақы беру тапсырмасына орай  Атырауда 288,7 миллион теңге бөлінді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнафис Таңбаеваның айтуынша, бөлінген қаржының 44,5 миллион теңгесі медицина қызметкерлеріне үстемеақы үшін төленді. Үстемеақыны 373 қызметкер алған.

Сондай-ақ демеушілердің көмегімен 634 медицина қызметкеріне көтермелеу қаржысы берілді. Ал, 164 дәрігер мен жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жұмыстан кейін демалу үшін қонақ үйлерге орналастырылды.