• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2020

Теңіз кенішінен тағы 117 жұмысшы туған өлкесіне оралды

240 рет
көрсетілді

Кеше Атыраудан ұшқан арнайы ұшақ Алматы әуежайына қонып, «Теңізшевройл» серіктестігінің мұнай кенішінен қайтқан жұмысшылардың тағы бір тобын әкелген еді. Вахталық жұмыстан босаған мұнайшылардың арасында Алматы облысының 117 тұрғыны бар.

Серіктестік жұмысшылары өткен айда Теңіз кенішінде вахтада болған. Компания басшылығы жұмысшыларды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша қайтару туралы шешім қабылдағаннан кейін жұмысшыларға жұқпалы індеттің бар-жоғын анықтау үшін тест жүргізілген. Тест нәтижесі теріс болған жағдайда ғана оларды ұшаққа отырғызуға рұқсат етілген.

-Кеше Алматы облысының 117 тұрғыны арнайы автобустармен Қапшағай қаласының маңына жеткізілді. Жолаушылар демалыс орнына орналастырылып, барлығынан коронавирусқа анализ алынды. Бүгін кешке олардың алғашқы нәтижелері белгілі болады. Сол тексеру қорытындыларына сәйкес жолаушылар тұрғылықты жерлеріне арнайы автобустармен жеткізілетін болады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.