• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2020

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған әйел босанды

284 рет
көрсетілді

Кентау қаласындағы жұқпалы аурулар стационарына 22 жастағы жүкті әйел 27- сәуір күні ауыр халде жеткізілген. Толық медициналық тексеру нәтижесінде одан COVID-19 вирусы мен екі жақты пневмония, анемия анықталған. Аяғы ауыр әйелдің дене қызуы көтеріліп, жөтел белгілері болған.

Дәрігерлер шұғыл түрде гемотрансфузия жасап, тиісті ем-дом жүргізеді. Жоғары жауапкершілік пен мінсіз әрекеттің нәтижесінде аурухананың білікті дәрігер-реаниматолог, гинеколог және акушер құрамы жүкті әйелді сәтті босандырып алды. Салмағы 3400 грамм ұл дүниеге келген. Сәби оқшауланып, №3 Түркістан облыстық перзентхана дәрігерлерінің қадағалауында. Жаңа туылған нәрестеден COVID-19-ға талдау алынған. Нәтижесі жақын уақытта белгілігі болады. Дәрігерлердің айтуынша, бала өзін жақсы сезінеді. Жаңа босанған ана жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдауда, жағдайы бірқалыпты.