• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Қыркүйек, 2013

Жаңа Доктрина – бүгінгінің байыпты да батыл ұстанымы

431 рет
көрсетілді

Еліміздегі жетекші саяси ұйымдардың бірегейі «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы әрқашан заман талабына сай, болашаққа байыпты бағдарлама жасай отырып, қоғамдағы және әлемдегі зәруліктерге жіті қарап келеді. Соның бір айқын дәлелі – партияның қоғамдық талқылауға ұсынған жаңа Доктринасы. Елбасы жетекшілік ететін партияның алдағы он жылдықтардағы бағдарламасын айқындайтын бұл құжат Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың өткен жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында жариялаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын басшылыққа ала әзірленгенімен құнды.

Стратегиялық маңызы айрықша құжат жобасының «Нұр Отан» партиясының 15 жылдық мерейлі межесінің қарсаңында даярланып, алда шақырылатын партияның кезек­тен тыс XV съезінде делегаттар талқы­лауынан кейін қабылданатыны – еліміздегі демократиялық үдерісті айқындайтын шара.

Еліміздегі жетекші саяси ұйымдардың бірегейі «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы әрқашан заман талабына сай, болашаққа байыпты бағдарлама жасай отырып, қоғамдағы және әлемдегі зәруліктерге жіті қарап келеді. Соның бір айқын дәлелі – партияның қоғамдық талқылауға ұсынған жаңа Доктринасы. Елбасы жетекшілік ететін партияның алдағы он жылдықтардағы бағдарламасын айқындайтын бұл құжат Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың өткен жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында жариялаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын басшылыққа ала әзірленгенімен құнды.

Стратегиялық маңызы айрықша құжат жобасының «Нұр Отан» партиясының 15 жылдық мерейлі межесінің қарсаңында даярланып, алда шақырылатын партияның кезек­тен тыс XV съезінде делегаттар талқы­лауынан кейін қабылданатыны – еліміздегі демократиялық үдерісті айқындайтын шара.Ендеше, Тәуелсіз Отанымыздың ертеңі үшін маңызы ерекше құжат туралы ой өрбіту партия сапында жүрген әрбір саналы азаматтың парызы деп санаймыз.

Жаңа саяси Доктрина «Нұр Отан» партиясының ХХІ ғасырдағы миссиясы», «Біздің құндылықтарымыз», «Азамат және мемлекет: өзара іс-қимылдың жаңа қағидаттары», «Жаңа бағыттың мақсат­тары: табысты дамудың жеті факторы», «Партияның тарихи жауапкершілігі» атты бағдары елдіктің мақсаты мен мәнін ашатын бөлімдерден тұрады. Мұнда Қазақстанды өркендетудің – басты мұрат, тәуелсіздіктің – негізгі жетістік, Елбасының – саяси идеал, ал еркіндік, бірлік, әділеттілік, заңның үстемдігі, отбасы мен дәстүр берекесі, болашаққа ұмтылыс секілді құндылықтардың әрбір қоғам мүшесі үшін басымдық екені жүйелі айқындалған.

Саяси құжаттағы «азаматтарға қызмет ететін мемлекет», «жауапты азаматтық қоғам», «күшті және белсенді азаматтардың елі» сынды ұғым-түсініктердің бағдар және қо­ғам мүшелеріне ортақ жауапкершілік ре­тінде алынуы – Доктринаның көкейкес­тілігін, өркениеттілік тұғырын көрсетеді.

Әрине, нақты идея – елдік идеясына құрылған Доктрина жобасы білім саласы мамандарын бейжай қалдырмайды. Әсіресе, саяси құжаттың өмір сапасы, дәстүр мен мәдениет, зияткерлік бағ­дар туралы ұстанымын қоғам ұстынын, мем­лекеттіліктің тұғырын байыптататын фактор деп білеміз.

Бұл ретте Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Кез келген қоғам негізгі төрт проблема: саяси, экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық проблема кешенді де жүйелі түрде шешіліп отырғанда ғана қа­лыпты түрде дами алады», деп ел өркен­деуінің тепе-теңдік тетігін тәуелсіздік бастауларында-ақ көрсеткенін жақсы білеміз. Ал осы тетіктің басты құралы – білім мен инновация екенін Елбасымыз жиі айтады.

Сөз жоқ, білім – адам капиталына салынатын аса тиімді инвестиция. Одан қоғам, мемлекет үлкен пайда көреді. «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Ә.Назарбаев әрдайым «Қазақстанның болашағы – сапалы білімде» дейді. Сонау 90-жылдардағы экономикалық қиындықтар кезеңінің өзінде де қаржы тапшылығына қарамастан, өскелең ұрпақтың шетелдік озық білім жүйесінен сапалы тәлім алуы үшін мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасын шұғыл бастауы, отандық білім ордаларын Еуропа жүйесіне көшіруі, Елбасы атындағы зияткерлік мектептер мен университет идеясын қолдап, ғылым-білімдегі серпінді жобаларға жол ашуы – осының айғағы. Қазақс тан Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде алғаш рет Болон үдерісіне еніп, білім жүйесін әлем­дік стандартқа бейімдеуі қарқынды жаңаруларға ықпал етті. Дамыған Батыс ел­дерінің білім саласындағы бірыңғай кеңістігіне ену – осы саланың жаңа тынысын ашатындай құбылыс. Бұл қазақстандық білімді әлемдік біліммен ықпалдастырады, мамандардың кәсіби бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Қазақстан Елбасы жетекшілігімен жаңа индустриялық-инновациялық экономика құруды жүзеге асыруды қолға алып, арнайы бағдарлама қабылдады. Осы орайда, орта арнаулы техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелерге көп міндет жүктелетіні айқын. Себебі, осы бағдарлама негізінде ашылып жатқан жұмыс орындарына жаңа білім мен біліктілікті игерген мамандар қажет. Біздің қоғамымызда өндіріс саласындағы өз ісінің кәсіби шебері, білікті маманы лайықты табысқа, жалақыға ие болуы тиіс. Басқаша айтсақ, «белгілі кәсіп иесі – дәулетті кісі» деген ұғым жастардың ұстанымына айналып, олардың нақты өндіріс саласының білгір маманы атануына құлшыныс тудырады. Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы осыдан 100 жыл бұрын: «Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу, бай болуға кәсіп, күшті болуға бірлік керек», деген еді. Осынау ұлағатты, терең мағыналы сөз тәуелсіз Қазақстан үшін де аса маңызды. Өйткені, Доктринада айтылып отырған өмір сапасы кәсіптің жемісімен ғана арта түспек.

Білім жүйесінің құрамдас бір бөлігі – жоғары кәсіби білім саласы. Бұл саладағы реформалар өзге құрамдас бөліктерден ерте әрі жылдам жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда еліміздің жоғары білім беру жүйесі әлемдік стандартқа сай үш деңгейлі сипатқа – бакалавриат, магистратура, докторантураға толық көшті. Жоғары оқу орындарының шетелдермен байланысы артты. Білім алушыларға оқу кезеңін шетелде іліксіз жалғастырып кету мақсатында академиялық ұтқырлықты арттыру жұмысы, ғылыми тәжірибе алмасу тағылымдамасы, оқытушылардың біліктілігін көтеру жайы – жоғары оқу орындарының тыныс-тіршілігіндегі қалыпты көрініске айналып келеді. Жаһандану үдерісі есіктен кіріп, төрге озған бүгіннің шындығында жаңа сипатты маман дайындау – қоғамның талабы. Жаңашыл маман – күрделі жағдайды талдау, аңдау тезінен өткізіп, жауапты шешім қабылдайтын, белсенді, тілтапқыш, іскер, шетел тілдеріне жетік, жаңа инновациялық технологиялар мен ғылыми негіздегі заманауи өндірістің қыр-сырын меңгерген бәсекеге қабілетті азамат. Саяси Доктрина жобасында осындай мамандарды одан әрі қалыптастырудың мемлекеттік жөн-жобасы мен қағидаттары айтылады.

«Нұр Отан» ХДП жаңа құжатында әділ әлеуметтік саясат бедеріндегі сапалы орта білім жайы да сараланған. Бұл білім буынының барлық шығыны (қаржыландыру, кадр мәселесі, реформа жүргізу) мемлекеттің мойнында. Демек, оның сапалылығына мемлекет кепілдік береді. «Нұр Отан» партиясы мемлекет тарапынан берілетін осы кепілділіктің орындалуын, оның қоғам өмірінде жүзеге асырылуын қадағалайды. Осы орайда, билік партиясы Үкіметтің орта білім саласын реформалау бағдарламаларын жіті бақылап, оның жүйелі орындалуы үнемі қоғам назарында болуын қамтамасыз етеді. Бұл сала қоғамның барлық бөлігін қамти­ды. Біріншіден, мектеп – ел ертеңі, жас ұрпақ­қа жаппай білім беретін буын. Екіншіден, ол – қоғамның әрбір мүшесіне, оның әлеуметтік көңіл-күйіне әсер ететін жүйе. Доктрина жобасында айтылып отырған қуатты экономика да, елдік дәстүр де, азаматтардың отаншылдығы мен белсенділігі де білімнің жауапты осы буынына байланысты.

Білім мен инновация елді зияткерлік деңгейге көтереді. Жаңа саяси Доктрина жо­басында қамтылған елдік мәселенің бірі «зияткер ұлт» жайын қозғайды. Ел­дің ертеңі саналатын жас буынның біре­гей білім меңгеріп, жаңа технология үйренуі – мемлекет үшін бірден-бір ма­ңыз­ды мәселе. Біз алға жылжыған сайын­ әрқашан да уақыттың талабына ерекше мән беріп отыруға тиістіміз. Бүгінгі қоғамда тек қана жоғары білім меңгеріп шығу жеткіліксіз болып қалуы да әбден мүмкін. Алған білімімізді ғылым мен техниканың дамуына орай жетілдіріп, біліктілік қырларымызды шыңдап отыруға мүдделіміз. Бұл – Ыбырай Алтынсарин армандаған «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» жаңа технология дәуірінің бізге қойып отырған талабы. Бұл туралы Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында былай деп айқын көрсеткен еді: «Ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге, сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды кү­шейту қажет». Елбасының бұл сөзі еліміз­дегі әрбір оқу орд

Соңғы жаңалықтар