Кеше Астанада қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен Ресей Федерациясы Курск облысының губернаторы Александр Михайлов Курск иініндегі ұрысқа қатысқан 16 астаналық ардагерге осы тарихи шайқастың 70 жылдығына байланысты естелік белгі тапсырды.
Жалпы, КурскшайқасынаҚазақстандажасақталған 72 және 73-ші гвардиялық, 8 және 387-шіатқыштардивизиялары, сондай-ақ, кеңестікармияныңбасқадаәскерибөлімдеріндегімыңдағанотандастарымызқатысқан.
Бүгінгі күні республикада Курск шайқасына қатысқан 355 ардагер болса, олардың 31-і Астана қаласында тұрады.
Қазір елордада 271 ҰОС ардагері тіркелген.

Қазір елордада 271 ҰОС ардагері тіркелген.Ай сайын оларға тұрғын үйлерінің шаршы метріне байланысты 5-тен 8 АЕК-ке дейін (8 655 пен 13 848 теңге аралығы) әлеуметтік көмек көрсетіліп тұрады. Жергілікті мерзімді баспасөзге жазылу үшін бір реттік 6 228 теңге көлемінде ақшалай жәрдем беріледі.
Бұдан басқа еліміздің бас қаласында ҰОС қатысушылары мен мүгедектері қалалық қоғамдық көлікпен тегін жүріп, тіс протезін салдыру, шипажайларға барып емделу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қызметтерін тегін пайдаланады. Астана қаласының медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының ұсынысы бойынша, ҰОС мүгедектері бесік-арбалармен, сурдо және тифлоқұрылғылармен толық көлемде қамтамасыз етіліп, оларға протез-ортопедиялық көмек пен протездік-ортопедиялық бұйымдар, міндетті гигиеналық заттар тегін беріледі.
Биылғы Жеңіс күнінің қарсаңында ҰОС-қа қатысушылар мен мүгедектер үшін жергілікті бюджеттен әр адамға 150 000 теңгеден бірмезгілдік материалдық көмек көрсетілсе, алдағы Қарттар күнінде оларға 3000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсету жоспарлануда.
Курск шайқасы 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысындағы шешуші ұрыстардың бірі болды. Ол тарихқа «танктер шайқасы» деген атаумен енді.
Осы күні И.Тасмағамбетов пен А.Михайлов Қазақстан астанасы әкімдігі мен Курск облысы әкімшілігінің арасындағы Ниеттестік туралы хаттамаға қол қойды.
Аталған құжат тең дәрежелі әріптестік, өзара сенім мен тиімділік негізінде сауда-саттық, экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық-мәдени байланыс саласындағы ынтымақтастықты дамытып, кеңейте түсуге бағытталған.
Әсіресе, тараптар кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасында тікелей байланыстар орнатуға мүдделілік танытып, Курск облысы мен Астанада бизнес-кездесулер, тұсаукесерлер, көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастырып, өткізуге қолайлы жағдайлар жасау туралы келісім жасасты.
Курск облысының делегациясы Астанада ресми сапармен қыркүйектің 19-ына дейін болады. Оның құрамында мемлекеттік органдар мен ірі өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары, мәдениет, ғылым мен білім беру саласының қайраткерлері бар.
Сапар барысында делегация Астана қаласындағы «Бәйтерек» монументі, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік пен келісім сарайы, сондай-ақ Опера және балет театры, «Әзірет Сұлтан» мешіті, Ұлттық ана мен бала орталығы, Оқушылар сарайы, «Алау» мұз айдыны сарайы мен «Сарыарқа» велотрегі сияқты көрнекті жерлерді аралайды.
Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан».