Өңірде қазір Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 55 қарт майдангер қалыпты. Сәуір айында бір соғыс ардагері өмірден өткен.
Ал, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, соғыс ардагерлерінің көбі облыс орталығында қаласында тұрады.
Сондай-ақ, Ақтоғай, Ертіс, Баянауыл, Железин, Тереңкөл, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарында соғыс ардагерлері бар.
Қазір соғыс ардагерлері мен ардагерлеріне теңестірілген 805 адамға, 1246 тыл еңбеккерлеріне 120,2 миллион теңге біржолғы төлем олардың есепшоттарына аударылған.
Басқарманың мәліметінше, өңірде тұратын 8 575 адамға әртүрлі мөлшерде бір реттік төлем беріледі.
Бұл санатқа Соғыс кезінде концлагерьде болғандар мен мүгедек атанған азаматтардың әйелдері және партизандарға, тыл еңбеккерлеріне, соғыс жылдары әскери қызметін атқару кезінде мүгедек болған азаматтарға, бейбіт күнде қаза болған әскери қызметкерлердің отбасы.
Сонымен бірге Кеңес одағында және сол тұста өзге мемлекеттерде қызмет атқарған әскери қызметкерлерге, Ленинград қоршауында болғандарға, Чернобыль АЭС-індегі апатта қаза болған азаматтар мен апатты жоюға қатысушыларға енгізілген.
Павлодар облысы