• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Қыркүйек, 2013

Балқаш ЖЭС-і электр қуаты тапшылығын жоюы тиіс

337 рет
көрсетілді

Мәжіліс Төрағасы Нұр­лан Нығматулиннің жетек­ші­лігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында Балқаш жылу электр стан­сасын салу, ТМД-ға мүше елдердің адамдарды мем­ле­кет­аралық іздеуге қатысты заң жобалары талқыға салынды.

Күн тәртібінде «Қазақстан Рес­публикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заң жобасы және Сот төрелігін одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді көздейтін заң­дық құжатта заңнамалық ай­налымға алынды.

Мәжіліс Төрағасы Нұр­лан Нығматулиннің жетек­ші­лігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында Балқаш жылу электр стан­сасын салу, ТМД-ға мүше елдердің адамдарды мем­ле­кет­аралық іздеуге қатысты заң жобалары талқыға салынды.

Күн тәртібінде «Қазақстан Рес­публикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заң жобасы және Сот төрелігін одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді көздейтін заң­дық құжатта заңнамалық ай­налымға алынды. Заң жобалары соттардың тәуелсіздігін күшейтіп, сот лауазымына кандидаттарды іріктеу рәсімдерін жетілдіруге ба­ғытталған. Және де судьялық корпусты қалыптастыруда қоғамның рөлін арттыруды көздейді.

Мұндағы жаңалық соттарға шешімі әлі заңдық күшіне кірмеген іс бойынша көпшілік алдында жеке пікірін білдіруге болмайтындығы бекітіледі. Сондай-ақ, сот рәсімдерін жеңілдету бойынша қосымша шаралар ретінде дәлелдемелерді қашықтықтан зерттеу және іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін бейнебайланыс құралдарының көмегімен тыңдау мүмкіндігін көздеу ұсынылады.

Бұдан басқа, отырыста Пар­ламент депутаттары Д.Назарбаева, Г.Иқсанова, С.Бычкова, О.Кико­ленко, Л.Полторабатько, А. Самақова, Е.Тарасенко бастамашы болған Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді қарастыратын заң жобасы да өндіріске алынды.

Жаңа заңдық құжатта от­ба­сы­ның өмірлік қиын жағдайда жүр­ген кәмелетке толмаған бала­лары­ мен өзге де мүшелеріне уа­қытша қорғаншылықты айқындау көрініс тапқан. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын үйде жәбірленушімен бірге тұруға және жанжалдасушы бір немесе екі тарапқа қандай да бір мүліктік құқықтарды беруді немесе өткізуді жүзеге асыруға тыйым салынып отыр.

Сондай-ақ, күн тәртібінде еліміз бен Азия Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісім де ратификациялану үшін қорытынды әзірлеуге алынды. Атап айтқанда, келісім Батыс Еуропа – Батыс Қытай транзит дәлізінің шеңберінде Шымкент – Ташкент учаскесін дамыту үшін қарыз беру мәселесін қамтиды. Келісімге сәйкес 125 миллион АҚШ доллары сомасындағы қарыз Қазақстан Республикасына 16 жылға беріліп отыр.

Мәжіліс агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша депутаттар дайындаған түзетулер бойынша салалық комитеттердің қорытынды әзірлеу мерзімін анықтады. Жаңа енгізілім ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, заң жобасымен өндірістік қуаттардың жаңасын құруға немесе қолданыстағысын кеңейтуге қажетті инвестициялық қаржыны бөлу кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілері шеккен шығындардың бір бөлігін өтеу қарастырылыпты.

Палатаның кешегі отырысында «Психикалық бұзылушы­лық­тардан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы да жұмысқа қабылданды.

Палата Қазақстан мен Корея үкіметтері арасындағы Балқаш жылу электр стансасын дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету саласындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Аталған түзетулер Балқаш ЖЭС-і бірінші модулінің құрылысын бас­тауды қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. Келісімде қолда­нылатын терминдерді электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша сәйкестендіру үшін де өзгерістер енгізілетіні белгілі болды.

Осы ретте Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин станса құрылысына қатысты рати­фикацияның маңызына тоқтала келіп, экология мәселесінде депутаттар ұстанымының тым қатаң боларын ескертті. Сондықтан да Үкімет осы жағына ерекше назар аударуы тиіс. Премьер-М

Соңғы жаңалықтар