• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Экономика 30 Сәуір, 2020

S&P Global Ratings Kaspi Bank-ты жоғары бағалады

243 рет
көрсетілді

S&P Global Ratings Kaspi Bank  АҚ-тың несиелік рейтингін BB- / B деңгейінде, қазақстандық банктер арасындағы ең жоғары рейтингтердің бірі ретінде растады. Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе бүгін өткен вебинар жиында рейтингтік агенттік стратегиясы мен бизнес-моделін жоғары бағалағанын айтты. 

«Еліміздегі ең танымал Kaspi.kz мобильді қосымшасының көмегімен біздің сүйікті клиенттеріміз жеке қаржыларын басқарады, төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырады және үйден шықпай-ақ жеткізу арқылы қажетті тауарларын  онлайнмен сатып алады  сатып алулар жасайды. Бұл ыңғайлы, пайдалы және қауіпсіз, бұл әсіресе карантин мен төтенше жағдай кезінде маңызды» дейді Михаил Ломтадзе.

Рейтингтік агенттіктің мәліметінше,  Kaspi-ді  басқа банктерден үш фактор ерекшелендіріп тұрғанын айтыпты.

Біріншіден, агенттік банктің тұтынушылық несиелендіру және төлем шешімдері бойынша нарықтағы жетекші позициялары бизнестің сапасы мен айтарлықтай капитал резервтерін қолдайды деп санайды.

Екіншіден, Kaspi-де дамыған тәуекелдерді басқару жүйесі бар. Нәтижесінде несие портфелінің сапасы нарықтағы орташа көрсеткіштен 2 есе жақсы.

Үшіншіден, банктің өтімділігі жоғары көрсеткіштері бар. Сарапшылардың пікірінше, болашақта сақталатын болады.

Клиенттердің жалпы қаражатының 94% -ы депозиттік базаның жоғары тұрақтылығын қамтамасыз ететін төмен концентрациядағы жеке тұлғалардың салымдары болып табылады. Басқа банктер корпоративті депозиттердің, әсіресе мемлекетке қатысты депозиттердің жоғары шоғырлануымен сипатталған.

Агенттіктің хабарлауынша, осы факторлардың барлығы Каspi-ге  COVID-19-ға қарсы тұру және мұнай бағасының төмендеуі салдарынан туындаған экономикалық өсудің бәсеңдеуіне төтеп беруге көмектеседі.

АЛМАТЫ