• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Қыркүйек, 2013

Азғынның ақыры

360 рет
көрсетілді

Мойынына бір емес, бірнеше адамның қанын жүктеген нәпсіқұмар қанішерге қатысты сот үкімі оқылып жатқан кезде зал ішінде ұшқан шыбынның ызыңы естілетіндей өлі тыныштық орнады. Өкініш пен өксік өзегін өртеп, қайғыдан қан жұтқан қаза болғандардың ата-аналары мен бауырлары, куәлар мен осы процес­ке әдейі шақырылған БАҚ өкілдері де демдерін іштеріне тартып, судья Гүлнар Хаженованың аузынан шыққан әрбір сөзді қалт жібермеуге тырысты.

Мойынына бір емес, бірнеше адамның қанын жүктеген нәпсіқұмар қанішерге қатысты сот үкімі оқылып жатқан кезде зал ішінде ұшқан шыбынның ызыңы естілетіндей өлі тыныштық орнады. Өкініш пен өксік өзегін өртеп, қайғыдан қан жұтқан қаза болғандардың ата-аналары мен бауырлары, куәлар мен осы процес­ке әдейі шақырылған БАҚ өкілдері де демдерін іштеріне тартып, судья Гүлнар Хаженованың аузынан шыққан әрбір сөзді қалт жібермеуге тырысты.

«...Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының алқабилердің қатысуыммен шығарған үкімі бойынша айыпталушы Мирас Қадешов ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 2-бөлімінің «б», «г» тармақтарымен («өлтіремін» деп қорқытумен ұштасқан, аса қатыгездікпен бірнеше рет жасалған зорлау), 96-бабы 2-бөлімінің «к», «н» тармақтарымен (кісі өлтіру), 175-бабы 2-бөлімінің «б» тармағымен (ұрлық), 24-бабы 3-бөлімімен (тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет) және 96-бабы «н» бөлімі бойынша айыпталып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», деп судья сот үкімінің соңғы нүктесін қойған кезде ашық сот процесіне қатысушылар бір сәт қозғалыссыз қалды да, іле-шала үкімге ризашылықтарын білдіріп, қолдарын шапалақтап жіберді.

Тәрбиелі мұғалімдер отбасынан шыққан, тепсе темір үзетін осы бір алпамсадай жігіттің жан рахатын адал еңбекпен емес, нәпсіқұмарлық арқылы табуға ұмтылған іс-әрекеті Атырау қаласының тұрғындарын 2010 жылдың күз айынан бастап қатты дүрліктірді. «Қалада маньяк пайда болыпты. Әйел-еркегіне қарамай зорлап, қорлап, тонап, ақыр соңында өлтіріп кетеді екен» деген алыпқашпа әңгіме желді күнгі өрттей қаулады. Құқық қорғау органдары аяқтарынан тік тұрып, қылмыстық әрекет жасалады-ау деген аудандарды жіті бақылауға алды. Ата-аналар таңертең балаларын мектепке өздері алып барып, сабақ біткесін күтіп алатын болды.

Бұл кезде М.Қадешов өзінің қандықол үшінші жорығына қапысыз дайындалып жатыр еді. Алғашқы екеуінің сәтті аяқталуы оның өз-өзіне деген сенімін нығайт­қаны анық. Тәуелсіз «Ақ Жайық» газетінде жарияланатын пәтер жалдаушылардың жарнамалары оған өз жемтігін қай жерден, қалай табуына бағыт-бағдар беріп отырды десе де болады. Әр ісін есеппен жасап, ақырын жүріп, анық басса ақшадан да, тегіннен-тегін тән ләззатынан да таршылық көрмейтінін ойлағанда, өзінше өмір сүрудің осындай жолын таңдағанына өкінген жоқ.

Әуелі қаладағы «Көктем» базарына барып ағаш сапты пышақ, болашақ құрбандығын буындыратын кәдімгі бәтеңкенің бауын сатып алды. Содан кейін газеттегі жарнама бойынша пәтер иелерімен сөйлесе бастады. Алғашқы сөйлескен екі әйел адам «кекселеу» көрінді. Тек үшінші мәрте телефон шалғанда барып, балауса қыздың дауысын естіді. Жылы-жылы сөйлеп, өзінің таныс құрбысымен оңаша кездесуі үшін пәтер жалдайтынын айтып, ақшасына келісті.

Уәде бойынша «Авангард» шағын ауданындағы үйге келгенде, есік­ті жиыр­ма жас шамасындағы қыз бала ашты. Ас үйді, ваннаны қарап болғаннан кейін демалатын бөлмедегі теледидарды қосып беруді өтінді. Ойында бөтен ештеңе жоқ, пультке жақындай берген қыздың арт жағынан келіп алдын ала дайындалған баумен қылқындыра бастады. Оқиғаның бұлайша қатерлі бағыт алатынын күтпеген пәтер иесі қаншама бұлқынып, жанталаса арпалысқанымен еңгезердей жігіттің дүлей күшіне төтеп бере алмады. Қолындағы былқ-сылқ еткен қыздың енді қауқарсыз екеніне көзі жеткен Мирас өлі денені хайуани түрде қорлауға кірісті. Шаруасын тындырғаннан кейін оның алтын сақинасын, қалтасындағы ақшасын алып, ештеңе болмағандай есікті кілттеп, өз жөніне кете барды.

Келесі күні Азаттық даңғы­лын­дағы жалдамалы пәтердің ие­сін де осылай қорлап өлтірді. Атар таңы, татар дәмі әлі де алда қара­көз қарындастың қыршын өмі­рін қиып, ұялы телефонын, он мың теңге ақшасын олжалады. Көп кешікпей «Вокзал маңы» ауда­нын­дағы жалдамалы үйдің иесі қыз баламен де жоғарыдағыдай тәсіл­мен сөйлесіп, келіседі. Бұл жолы ол өзін тіпті еркін сезінді. Ауыр соққы мен тұншықтырудан ақыл-есінен айырылған қорғансыз қыздардың обалына қалам-ау деп те, олардың а

Соңғы жаңалықтар