• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Жаркент қаласы карантинге жабылады

1483 рет
көрсетілді

Алматы облысындағы Панфилов ауданында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 1 науқас тіркелді.

Қазір індет жұқтырған Жаркент қаласының тұрғыны Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға жатқызылған. Оның 15 адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Күдіктілердің барлығы Панфилов аудандық ауруханасының провизорлық бөліміне карантинге алынды. Эпидемиологиялық тексерулер жалғасып жатыр.

-  Эпидемиологиялық тексеру барысында Жаркентте 1989 жылы туған азаматтан КВИ анықталған. Осыған байланысты Панфилов аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен Жаркент қаласы 30 сәуір сағат 00.00-ден бастап карантинге жабылады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.