Қол күресінен Польшаның Гдыня қаласында өткен әлем чемпионаты қазақстандық спортшылар үшін табысты болды. Жер жүзінің 46 мемлекетінен 1000-нан аса спортшы қатысқан бұл дүбірлі додада жерлестеріміз 7 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль иеленіп, командалық есепте Ресейден кейінгі екінші орынды жеңіп алды. Ал үшінші тұғырға Украина спортшылары табан тіреді.

«Ерлер мен қыздар арасында өткен байрақты бәсекеде спортшыларымыздың барын салып өнер көрсетуінің арқасында осындай табысқа жеттік. Елімізден бұл сынға жалпы саны 40 спортшы қатысты. Олардың барлығы да сайдың тасындай іріктелген саңлақтар. Біз мұнымен ғана шектелмей, алдағы уақытта да жаттығуларымызды жалғастырып, ең үздік нәтижеге қол жеткіземіз деген ниеттеміз. Әлемдік дүбірлі сындарда еліміздің көк туын желбіретіп, әнұранын шырқатуда спортшыларымыз аянып қалмайды деп сенемін», – дейді Қол күресі федерациясының президенті Марат Асаинов.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,
«Егемен Қазақстан».
АСТАНА.