• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Сәуір, 2020

«Біз біргеміз!»: Түркістан облысында жомарт жандар қатары арта түсуде

208 рет
көрсетілді

Түркістан облысында түрлі жобалар мен акцияларды қолдап, қайырымдылық көрсетіп жатқан жомарт жандар саны күн санап артып келеді.

Мысалы, Төлеби ауданының еріктілері әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлік тауарларын таратты. Студент жастар өз қалталарынан қаржы жинап, оған күнделікті тұтынатын азық-түлік алған. Жастар алдағы уақытта да сауапты іс жасауға ниетті азаматтардың басын қосып, мұқтаж азаматтарға көмек қолын созуды жоспарлап отыр.

Игілікті істен Ордабасы аудандық полиция басқармасы да шет қалған жоқ. Олар «Біз біргеміз!» акциясы аясында аудандағы әлеуметтік көмекке зәру отбасыларға азық-түлік пен күнделікті тұтыну заттарын таратты. 

«Елімізде өтіп жатқан «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясын қолдап, мұқтаж жандарға өз көмегімізді көрсеттік. Мұндай қолдау көрсету шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табады»,  дейді аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ғалымжан Қуашбаев. Ал көмек алған отбасылар полицейлерге ізгі тілектерін білдіріп, алғыс айтуда.