• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Сәуір, 2020

Бүкіләлемдік садақ ату федерациясы спортшыларға арнап саммит өткізеді

220 рет
көрсетілді

Бүкіләлемдік садақ ату федерациясы (World Archery) спортшылар мен бапкерлерге және төрешілерге арналған жазғы саммиттер ұйымдастырады деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz. 

Қашықтықтан өткізілетін семинарларда эксперттер презентация өткізеді. Ал қатысушылар үйде отырып-ақ, білімін жетілдіруге мүмкіндік алмақ. 

Айта кетейік, коронавирус індетіне байланысты федерация барлық халықаралық жарыстар мен басқа да іс-шараларды тоқтатты.  Спортшылар саммитінде спорттағы психология, жарыс қарсаңында бабыңа ену және таза спорт мәселелері қарастырылады.