• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Сәуір, 2020

Түркістан: Тәуір болған 9 азаматтың жетеуі бір отбасынан

164 рет
көрсетілді

Түркістан облысында, 30 сәуірдегі ақпарат бойынша, инфекция жұқтырған 9 науқас дерттен айығып үйлеріне оралды. Олардың 7-уі бір отбасы мүшелері, яғни Арыс қаласының тұрғындары.

Аты-жөндерін жариялағысы келмеген тұрғындар дәрігерлерге деген шексіз алғыстарын білдіруді өтінген. Олар алдағы уақытта уақытша үй карантинінде дәрігерлердің қадағалауында болады. Жалпы, Арыста дертке шалдыққан 17 науқас тіркелген. Олардың 14-і жазылды. Жақын және ықтимал қарым-қатынаста болған 28 адамнан да сынама алынып, теріс нәтиже беруіне орай үйлеріне қайтарылған.

Сондай-ақ, Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылының 1987 жылы туған тұрғыны және Сайрам ауданы, Қосбұлақ ауылының 28 жастағы азаматы да дертінен айығып, отбасына оралды.

Жалпы, Түркістан облысы бойынша бүгінге дейін 38 адам коронавирус инфекциясынан жазылған.