• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Сәуір, 2020

Түркістан: Баға тұрақтылығы басты назарда

398 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті бастамасымен облыс  орталығында орналасқан бірқатар сауда орындарындағы  әлеуметтік маңызы бар тауарлардың баға тұрақтылығына монтиорингтік бақылау жұмыстары жүргізілді. 

Құрамында Департамент басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай,  Nur Otan партиясы облыстық филиалының бақылау жөніндегі инспекторы Асқар Еркінбеков пен «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері бар мониторингтік топ қала тұрғындары жиі бас сұғатын «Шапағат», «Дастархан» ірі сауда орталықтарына барып, азық-түлік өнімдерінің баға тұрақтылығына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Ұн, күріш, күнбағыс майы сынды тауарлар бекітілген тұрақты шекті бағамен сатылымға шығарылып жатқанымен бірқатар кемшіліктер де анықталды. Мәселен, халық жиі тұтынатын 9 түрлі азық-түлік тауарларының  (ұн, нан, макарон, күріш, сиыр еті, тауық жұмыртқасы, күнбағыс майы, ас тұзы, қарақұмық жармасы) шекті бағасы көрсетілген нұсқаулықтардың көпшіліктің көзі түсетін орындарда орналастырылмағандығы және кіші азық-түлік дүкендерінде шекті бағадан өсіру деректерінің  кездескендігі мәлім болды. Бұл орайда жеке кәсіпкерлерге ескерту жасалып, сауда нысанындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер бекітілген шектік бағаға келтірілді. 

Департамент  халыққа қажеттілігі жоғары тауарларды  негізсіз өсіруге жол бермеу мақсатында қоғамдық бақылауды  тұрақты түрде жүргізіп тұрмақ.

 

 

Түркістан облысы