Қазақстан 01 Мамыр, 2020

Достық пен өзара түсіністіктің, келісімнің мерекесі - Дариға Назарбаева

242 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева қазақстандықтарды 1 мамыр мерекесімен құттықтады.

 

«Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мемлекеттілігіміздің беріктігінің тірегі - достық пен өзара түсіністіктің, келісімнің мерекесі. Біздің тағдырымыз да, жеріміз де бір, біздің ортақ Отанымыз - Қазақстан. Халқымыздың барлық арман-тілектері бір.

Қазақстан ұлттардың, тілдердің, діндердің көптігімен қуатты. Қазақстандықтардың бірлігі мен отансүйгіштігі - кез-келген ауыртпалықтан алып шығады, індетті де жеңеді. Еліміздегі әрбір шаңыраққа амандық, зор денсаулық, бақыт пен береке, сүйіспеншілік тілеймін!», - деді Дариға Назарбаева.