• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Мамыр, 2020

Түркістан: Рұқсатнама қағаздары жүйелі түрде тексерілмейді

283 рет
көрсетілді

Түркістан облысында карантиндік режим жеңілдетілген болатын. Бұл орайда төтенше жағдай талаптарын сақтау, қадағалау маңызды. Түркістан - Кентау блок-бекетінде облыс орталығынан Кентау қаласына бағыт алған жолаушылардың рұқсатнама қағаздары  жүйелі түрде тексерілмейді және бекеттен тысқары аймақтан өтіп жатқан қозғалысқа бақылау жүргізілмейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жүргізген мониторингтік бақылау  жұмыстары кезінде осындай кемшіліктер анықталған. Бұл бойынша полиция  және әскери қызметкерлерге ескерту жасалып, режимге сәйкес жұмыс атқару бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды. Десе де, бақылау жұмыстары барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай бастаған мониторингтік топ мүшелері медицина мамандары мен тәртіп сақшыларының және әскери қызметкерлердің қала тұрғындарының  саулығы жолында қас қақпай қызмет етіп жатқандығына көз жеткізді.

Сондай-ақ Түркістан қаласы әкімдігінде орналасқан ситуациялық орталыққа барып,  бейнебақылау камералары арқылы қала аумағында қойылған барлық блок-бекеттердің  жұмыс істеу тәртібі мен талаптардың қатаң сақталу барысымен танысты. 

 

 

Түркістан облысы