Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Ресей Үкіметінің басшысы Михаил Мишустиннің індеттен тезірек жазылып кетуін тілеймін. Қазақстан мен Ресей коронавируспен күресте бірлесіп, белсенді жұмыс жүргізуде. Мен бірлескен қимылдарымыздың арқасында қиындықты еңсереміз деген ойдамын»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кету керек, кеше Ресей Федерациясының Үкімет басшысы Михаил Мишустин өзінен коронавирус инфекциясы анықталғанын мәлімдеді.