• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Мамыр, 2020

Еріктілердің еңбегі зор

352 рет
көрсетілді

Төтенше жағдай жарияланғанғалы қалалық емхана жанынан еріктілер штабы құрылған болатын. Қазір олар қарияларға тегін дәрі-дәрмек жеткізіп беруде. Карантин кезінде 65 жастан асқан адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылған соң мұндай көмектің пайдасы зор. 

Аталмыш акцияның басты мақсаты- коронавирус дертінің алдын-алу. Яғни, қауіптілігі жоғары топтағы азаматтарға мейлінше көңіл бөліп, адамдар көп шоғырланатын жерлерге бармауын, өзін-өзі оқшаулануын қамтамасыз ету. Тегін дәрі-дәрмектерді алушылардың қатарына егде жастағы қариялар мен созылмалы сырқатпен ауыратындар енгізілген.

– Барлығында карантин. Үйден шығып, емханаға бара алмай отырмын. Дәрі-дәрмектерді үйіме әкеліп бергендеріне көп  рахмет,–дейді қала тұрғыны.  Мария  Черниенко.

Тегін дәрілерді жеткізу тәртібіне келер болсақ, учаскелік терапевттер рецепт жазып береді. Еріктілер дәріханалардан тегін дәрілерді алып, тізім бойынша  үйлерге жеткізеді. Осы қызмет түрін пайдаланғысы келетін әр адам өз дәрігеріне хабарласса жетіп жатыр.

– Бүгінгі таңда, штабта 15-ке жуық адам бар. Алғашқы кезде студенттер қолғабыс тигізсе, қазір құрам жеке кәсіпкерлермен толықты. 700-дей емделушіге дәрі-дәрмек жеткізілді, – дейді еріктілер штабының үйлестірушісі Эсет Куссиева.

Штаб үйлестірушісінің айтуынша, акция төтенше жағдай аяқталғанша жалғаспақ.

 

Көкшетау қаласы