Шанхайда басталған әдеби мұражай музейі қаладағы мәдени көрнекті орындарының ұзынсонар тізіміне қосылатын кезекті жоба.
Хункоу ауданында орналасқан Шанхай әдеби мұражайының құрылыс алаңы 12 500 шаршы метрді құрайды.
Шанхай Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ма Вэнь юнь бұл жобаны құптап, Шанхай әдеби мұражайы «әдебиетке құштар адамдарға арналған кеңістік болады» деп мәлімдеді. Шанхай-20 ғасырдың Қытай әдебиеті үшін маңызды қала болып табылады әрі Лу Синь және Ба Цзинь сияқты әлемге танымал жазушылар шыққан мекен.