• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Коронавирус 02 Мамыр, 2020

Алматыда түске дейін 90 адамнан індет табылды

503 рет
көрсетілді

Бүгін, 2 мамыр күні сағат 15: 00-де ​ коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 1240 жағдайы тіркелді.

Кеше жаңадан 10, бүгін тағы да 90 адамның КВИ жұқтырғаны анықталды.

Олардың барлығы вирус жұқтырған науқастармен байланыста болғандар.

Жаңа науқастармен байланыста болған барлық адамдар провизорлық госпитальдарға карантинге орналастырылды.

Жұқпалы аурулар стационарларында 1103 адам емделуде.

Екі адамның жағдайы – өте ауыр, 26 адамда – ауыр, 218-і орташа ауыр және қалғандарында – қанағаттанарлық.

Провизорлық госпитальдарда – 355, карантиндік оқшаулауда – 378, үйде карантинде 11846 адам бар.

Кеше Алматыда коронавирустық инфекциядан сауығып, тағы 12 адам емдеуден шығарылды.

Оның ішінде 7-і Орталық қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының медицина қызметкері, 2-і Балалар қалалық клиникалық ауруханасының қызметкері, 1-і медициналық жедел жәрдем станциясының қызметкері, 1-і N32 қалалық емхананың қызметкері және біреуі вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған әйел.

Олардың емделуі орташа есеппен 17-23 күнге созылды.