• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Руханият 03 Мамыр, 2020

Арлы адамның сипаты

1972 рет
көрсетілді

Ертеде дәулеті мол, бай адам өмір сүріпті. Қанша қызметшілері бола тұра, өзі көппен бірге еңбек етеді екен. Бұның қалай деп сұрағандарға:

Біріншіден: әдемі ат, асыл киім, дәулетті бойыңа әдет етсең, көңілге жел кіргізеді. Сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі төмен адамдарға жиреніп көз салмай, кем-кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп, қорқамын.

Екіншіден: бай бола тұрып, жұмыс істесем мұным кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер ғибрат алсын деймін.

Үшіншіден: күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір-екі пұлға нан сатып алып жесең, бойыма сол тамақ болап тарайды. Еңбек пен табылған дәмнің тәттілігі, сіңімділігі болады.

Төртіншіден: құдайдың берген дәулетін өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын,- депті.