Британ жазушысы Джоан Роулинг бір миллон доллар стерлингін (1,25 миллион доллар) қайырымдылыққа жұмсады. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасына жазды.
«Қиын күндер туғанда кедейлер мен ең әлсіз топтар зардап шегеді. Сол үшін бір миллион доллар стерлингті қайырымдылыққа жұмсаймын», деп жазған Роулинг.
Қаржы екі ұйымға теңдей бөлінеді. Оның біріншісі – үйсіз жандарға көмектесетін ұйым болса, екіншісі – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына жәрдемдесетін ұйым.
Жазушы өзінің кейіпкерінің құрметіне жыл сайын 2-мамырда атап өтілетін дүниежүзілік Гарри Поттер күні қарсаңында осындай шешім жасаған. «Гарри Поттердің» авторы дүние жүзіндегі ең бай жазушылардың қатарынан саналады. Былтыр сарапшылар оның табысын 92 миллион доллар деп есептеген.