• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Мамыр, 2020

Қазақстандық шахматшылар онлайн матчта Сингапурды жеңді

146 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Сингапур жасөспірімдері мен 12, 14, 16, 18, 20 жасқа дейінгі қыздар құрамалары арасында өткен халықаралық онлайн матчта қазақстандықтар жеңіс туын желбіретті.

Матчтың жалпы есебі 14:6 қазақстандық шахматшылардың пайдасына шешілді. Құрама сапында 2020 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері өнер көрсетті. Матч қорытындысы бойынша, біздің жасөспірім ұлдар 11.5:8.5 есебімен жеңіске жетті.

Айта кету керек, матч Қазақстан мен Сингапурдың ұлттық шахмат федерацияларының және Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы елшіліктерінің қолдауымен өтті.