• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Мамыр, 2020

Түркістан: Мақтаарал ауданына алғашқы гуманитарлық көмек келді

217 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынының салдарынан қиын жағдайға ұшыраған азаматтарға қолдау білдіргісі келетіндер көп. Бұл орайда «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры жұмыс істейді.

Ал бүгін Жамбыл облысы әкімдігі ұйымдастырып, жіберген 30 тоннадан аса азық-түлік тиелген керуені Мақтаарал ауданына келді. 

Жамбылдық кәсіпкерлер 10 тонна ұн, 10 тонна күріш, 5 тонна қант, 1 тонна гречка, 2 тонна сұйық май, 2 тонна макарон өнімдері мен 5 тонна гигиеналық заттар жөнелткен. Демеушілердің есебінен жиналған көмек қызыл судан зардап шеккен азаматтарға үлестіріледі.