• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Мамыр, 2020

Аққойлы елді мекенінде қатты жел салдарынан 17 тұрғын үйдің шатыры бүлінген

462 рет
көрсетілді

Ордабасы ауданы Шұбар ауылдық округі Аққойлы елді мекенінде болған жаңбыр аралас қатты жел салдарынан 17 тұрғын үйдің шатырына зақым келген. 

Белгілі болғандай, 2 мамыр 2020 жылы сағат 15:00 шамасында жаңбыр аралас жел болып, Аққойлы елді мекені З.Пердебайұлы көшесінің бойында орналасқан 17 тұрғын үйдің шатырына зақым келген.  Электр жарығы тартылған 3 баған құлап линиялар үзілген.

Қазіргі таңда, «Оңтүстік Жарық» ЖШС-нің мамандары келіп Аққойлы елді мекеніндегі электр жарықты өшіріп, электр бағандарына жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ  зақымданған үйлерді 10 күн шамасында қайта ретке келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, Аққойлы елді мекенінде 60 отбасы 412 адам тұрады.