• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Мамыр, 2020

Түркістан: Эвакуацияланған 17 мың тұрғын үйлеріне оралады

125 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында тасқын су орын алуына байланысты Жеңіс, Өргебас, Достық, Жаңатұрмыс, Фирдоуси ауылдарынан жалпы 31 мыңнан астам азамат қауіпсіз аймаққа шығарылған болатын.

Енді олардың 17 мыңнан астамы, яғни Мырзакент кенті мен Ақжол ауылының тұрғындары өз үйлеріне оралатын болды. Облыстық төтенше жағдайлар штабы аталған елді мекендерде тасқын судан келетін қауіптің жоқтығын анықтаған.

Ал, қалған елді мекеннің тұрғындары қауіп толық сейілгенше эвакуациялық бекеттерде болады.

 

Түркістан облысы