• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Коронавирус 04 Мамыр, 2020

4 049 науқас: Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 2 адам көз жұмды

443 рет
көрсетілді

Қазақстандағы 2020 жылғы 4 мамырдағы сағат 22:20-дағы эпидемиологиялық ахуал бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 21 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қ. – 5, Алматы қ. – 1, Атырау облысында – 9, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Жамбыл облысында – 4, Батыс Қазақстан облысында – 1.

Коронавирус инфекциясының кесірінен Жамбыл облысында 1 адам, Қарағанды облысында 1 адам көз жұмды.Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 4 049 адам анықталды. Олардың ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласы – 706 Алматы қаласы – 1318 Шымкент қаласы – 213 Ақмола облысы – 101 Ақтөбе облысы – 160 Алматы облысы – 156 Атырау облысы – 193 Шығыс Қазақстан облысы – 30 Жамбыл облысы – 158 Батыс Қазақстан облысы – 194 Қарағанды облысы – 159 Қостанай облысы – 50 Қызылорда облысы – 214 Маңғыстау облысы – 74 Павлодар облысы – 150 Солтүстік Қазақстан облысы – 30 Түркістан облысы – 143