Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хазар» әзербайжан этномәдени бірлестігі мерекені сезінуге мүмкіндік алу үшін әр ұлттың аз қамтылған отбасылары, тыл ардагерлері, жалғызбасты және көп балалы аналарға, барлығы 20 отбасына мерекелік көңіл күй сыйлады. Себетте әзербайжан шах-палауы мен азық-түліктері қамтылды.
Акцияны ұйымдастырушылар тізімге сәйкес мерекелік сыйлықтар таратты. Елордалық ҚХА-ның меценаттары мұқтаж жандарға үнемі көмек көрсетеді. Бұл жұмысты 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде ашылған «Парасат» қайырымдылық көмек көрсету орталығы үйлестіреді.
Айта кетейік, биыл тек бірінші тоқсанда жалпы сомасы 4 млн 200 мың теңгеге бірқатар акция өткізілді.