• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Мамыр, 2020

Апаттық құтқару жұмыстарын жүргізуге 190 техника жұмылдырылды - Өмірзақ Шөкеев

246 рет
көрсетілді

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкімет отырысында айтты.

- 15 мың халқы бар Мырзакент елді мекеніне су жібермеу амалдары өте үлкен қарқынмен жасалды. Шұғыл түрде 2 мамырда Мақтаарал ауданында жергілікті ауқымдағы техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Жедел штаб құрылды. Апаттық құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 986 адам, 190 дана техника жұмылдырылды. Сонымен қатар Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласынан 30 мотопомпа жеткізілді, - деді Өмірзақ Шөкеев.

Оның айтуынша, Ұлттық ұлан әскери бөлімінен 413 әскери қызметші және 37 техника тартылған. Қосымша Алматыдағы Ұлттық ұланның құтқару батольонынан 320 әскери қызметкер, 26 техника келуде