• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Мамыр, 2020

Мақтаарал тұрғындарына өтемақы беріледі - Өмірзақ Шөкеев

264 рет
көрсетілді

Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкімет отырысында айтты.

«Су елді мекендерден кеткеннен кейін үйлерді аралап, былтырғы Арыс тәжірибесі сияқты әр үйге келген зардапты, шығынды есептеп шығуымыз керек. Әрі қарай комиссиямен бірігіп, бүлінген үйлерді қайта қалпына келтіру жолдарын қарастыру керек. Су басқан ауылдың эвакуацияланған әр тұрғынына өтемақы белгілеу дұрыс болар деп есептеймін. Мұнан бөлек 7 мыңнан астам егістік алқабына біраз шығын келді. Егілген егістік, пленка астында жатқан әртүрлі егістік алқабы бар. Соның бәрін қайта есептеп, оны да өтеуге көмектесуіміз қажет», деді Өмірзақ Шөкеев.

Сондай-ақ ол қазір эвакуацияланған азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

«Былтырғы Арыстағыдай көп адамды жинап, үлкен жиын жасамаймыз. Жеке-жеке әр мектепке барып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы халық түсіністікпен қарайды, үлкен шыдамдылықпен, төзімділікпен бұл жағдайды өткізіп жатыр. Біз комиссияны күтіп отырмыз, солармен бірге бәрін аралап шығамыз», - деді облыс әкімі.