• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Мамыр, 2020

Жеңіс-75: Ерлік ешқашан ұмытылмайды

573 рет
көрсетілді

Жеңіс күні қарсаңында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Отан үшін от кешкен ата-әжелері туралы әлеуметтік желілерде баяндауды жөн көріпті.

«Жеңісті жақындатуға менің атам Зейнет Ибеевтің қосқан үлесі зор», – дейді мектептің 7-сынып оқушысы Марғұлан Мнажаддин.

Шөбересі атасының сұрапыл соғыста жасаған ерлігі мен бейбіт күндердегі еңбегін мақтан тұтады: «Мен атамның ерлігіне мақтанамын және оның алдында бас иемін. Осындай бейбіт аспанда өмір сүру бақытын сыйлаған ардагерлерімізді ешқашан ұмытпауымыз керек» дейді ол..

Отты жылдар естеліктерімен бөлісу арқылы жас зияткерлер батырларымыздың ерлігін жас ұрпаққа таныстырып, тәуелсіз елімізде тыныштық сыйлаған ардагерлерімізге шексіз алғыстарын білдіреді.

Қазір облыста 16 соғыс ардагері қалды. Оның бірі 97жастағы Кәлеп Бектұрғанов. Жас зияткерлер Қызылордадан әскер қатарына шақыртылған сарбаздың өмірі мен оның майдан даласында жасаған ерліктері жайында зерттеу жұмыстарын жүргізді.  Отан үшін оққа тосқан кеудесі бүгінде орден-медальге толы  майдангердің ерлікке жолы өмірімен танысты.

Жыл өткен сайын соғыс тарихы алыстап, ардагерлер қатары сиреп барады. Алайда олардың жасаған ерлігі бүгінгі ұрпақ санасында мәңгі сақталады.