• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Мамыр, 2020

Қызылорда: Еріктілер көрші өңірге көмек ұйымдастыруда

148 рет
көрсетілді

Өзбекстандағы су қоймасының жарылуынан Түркістан облысы, Мақтарал ауданының бірқатар ауылы су астында қалғаны белгілі.

Осыған байланысты Қызылорда облысында су тасқынынан зардап шеккен бауырларымызға гуманитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыратын штаб құрылды.

Қазір медициналық құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмек, киім-кешек, ұзақ сақталатын азық-түлік, гигиеналық заттар жинауды бастап кетті. Бір айта кетерлігі, көмек тек заттай жиналады. «Жастар орталығы» ғимаратынан ашылған пунктке әкелінген гуманитарлық көмектер әлеуметтік желіде жарияланады. Жиналған заттар арнайы автокөліктермен Мақтаралға жеткізіледі.