• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Президент 05 Мамыр, 2020

Президент әйелдер істері жөніндегі комиссияға қатысты Жарлыққа өзгеріс енгізді

183 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан  Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:

«Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, төраға орынбасары (келісім бойынша)» деген жолдың алдында мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

 «Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының мүшесі (келісім бойынша), төраға»;

«Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)» деген жол алып тасталсын;

аталған Комиссияның құрамынан Г.Н.Әбдіқалықова шығарылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

               Президенті                                                                                                                                     Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 4 мамыр

                         № 325