1938 жылы Абай атындағы педагогикалық институттың жұмысшы факультетін бітіріп, сол жылы Қазақтың коммунистік журналистика институтына түседі.
1939 жылы әскер қатарына шақырылады. Әскердегі кызметін жеке гвардиялык-артиллериялык дивизияның бірінші Белорус майданының 20-гвардиялық механикаланған бригадасының бірінші гвардиялық танк әскері дивизиясы командирінің орынбасары болады.
Ленинград коршауы, Курск доғасы, Днепр мен Одер үшін соғысқа, Зеелов биіктігін, Берлинді алуға қатысқан.
Артиллериялық батарея бөлімшесінің командирі ретінде Курск доғасы үшін шайқаста «Қызыл Жұлдыз» орденімен, Днепр үшін шайқаста «Александр Невский» орденімен марапатталады.
Бұл күндері Хамза Әубәкірулының қоршаудағы Ленинградтан жазған хаты музейде сақталған.
Хат Баянауыл ауылына жіберілген және 1942 жылы жазда аудан орталығы тұрғындарының жиналысында оқылған.
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, соғыс ардагері, Қазақ Телевидениясы Алматы студиясының тұңғыш директоры Хамза Әбілғазинды 9-мамыр күні алдында Баянауылдықтар еске алды.
Соғыстан кейін 1946 жылдан 1950 жылға дейін Қазақ КСР Министрлер Кеңесі, Орталық Комитетінің үгіт және насихат бөлімінің насихатшысы сияқты қызметтер атқарған.
Хамза Әубәкірұлы 1980 жылы 8 желтоқсанда өмірден өтті Аудан орталығы Баянауылда ол кісінің құрметіне арнап көше аты берілген.
Павлодар облысы