• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Экономика 06 Мамыр, 2020

ICE Futures: Brent маркалы мұнайдың бағасы 31 доллардан асты

164 рет
көрсетілді

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 2020 жылғы шілде айындағы жеткізілімдер бойынша 14,12 пайызға өсіп, барреліне 31,04 доллар болды.

Соңғы рет Brent мұнайының бағасы 14 сәуірде 31 доллардан жоғары болды. WTI маркасы фьючерсінің бағасы 26,48 доллар (+16,24%) болып тұр.

Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметіне сәйкес, 1 мамырда күшіне енген ОПЕК + келісімі әлемдегі сұраныстың төмендеуін өтей алмады. Сарапшылар пандемияға байланысты сұраныстың төмендегенін ескере отырып, өндіріс көлемінің төмендеуі жеткіліксіз болуы мүмкін деп санайды. Құлдырау тәулігіне 30 миллион баррельге бағаланады.