• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Білім 06 Мамыр, 2020

ҰБТ-2020: биылғы сертификат – бұрынғыдан өзгерек

2409 рет
көрсетілді

Биылғы ҰБТ-ны тапсырған талапкерге бұрынғыдан бөлекше сертификат берілмек. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің аппараттық жиналысында белгілі болды. 

Отырыста ведомствоның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев 2020 жылғы ҰБТ-ға енгізілген өзгерістерге тоқталды. 

– Тестілеудің форматы өзгермейді. Оқуға түсушінің білімі бұрынғыдай бейінді және міндетті пәндер негізінде, сондай-ақ бұған дейінгі шкала бойынша бағаланады. Шекті балл жинай алмаған және  бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін ақылы бөлімге қабылданған тұлғалар ҰБТ-ны бір жылдың ішінде тапсырады. ҰБТ-дағы тағы бір өзгеріс сертификатпен байланысты. Маусым айында өтетін тестілеудің қорытындысында бұрынғыдай қағаз түріндегі сертификат емес, электрондық сертификат беріледі, – деді Ә.Тойбаев.

Айта кетейік, маусым айында өтетін негізгі ҰБТ-ға өтінімдер 10 мамырға дейін қабылданады. Өтінішті қалай беруге болатынын бұған дейін толығырақ жазғанбыз.