Осы жылғы сәуір айының 1 мен 31 мамыр күндері аралығында облыс көлемінде «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараға арнайы мобильдік топ құрылып, жұмылдырылды.
Осындай рейд барысында 4 мамыр күні Табиғат қорғау полициясы қызметкерлері Шиелі ауданы Бестам ауылының тұсында «Nissan» автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында күдікті көлік иесінің электр тоғын пайдаланып, заңсыз балық аулағандығы белгілі болды.
Ұсталған азаматтан резеңке қайық, аккумулятор және 27 келіден аса балық алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 3-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.