Осы жылдың 3-4 мамырында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жүргізген рейдтік шара барысында облыс орталығынан есірткі затын сақтаған 14 тұрғын ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ұсталғандардың жас шамасы – 26-45 жас аралығы. Тексеру барысында олардан өзіне тән иісі бар шөп тәріздес зат алынған. Сараптама қорытындысы бұл заттардың марихуана екенін анықтады.
Қазіргі уақытта барлық дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.