• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Президент 06 Мамыр, 2020

Су қоймасы апатынан баспанасынан айырылғандарға үй салынады - Президент

251 рет
көрсетілді

Өзбекстандағы су қоймасы апатының салдарынан баспанасынан айырылған Түркістан облысының тұрғындарына мыңнан астам тұрғын үй салынатын болды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды.

«Үкімет Өзбекстандағы су қоймасы апатының салдарынан баспанасынан айырылған Түркістан облысының азаматтары үшін мыңнан астам тұрғын үй салуға кіріседі»,- деп жазды Президент Twitter парақшасында.