• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Елорда 07 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтанда 92 жастағы науқас коронавирустан жазылып шықты

161 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда 16 сәуірден бастап стационарлық ем алған 92 жастағы науқас коронавирустан жазылып шықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Науқас КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес толық ем алды. Егде жастағы әйел адам дәрігерлерге көрсетілген медициналық көмек пен күтім үшін алғыс айтып, денсаулық тіледі. 5 мамырда елордалық жұқпалы аурулар стационарларынан 20 науқас, 6 мамырда тағы 10 науқас шығарылды.

Елордада коронавирусқа шалдыққан адам саны - 853. Олардың 336 - адам індеттен сауықты.